Себет
Себетіңіз бос

Дана:
0

Барлығы:
0

3D анимациялары

интеративті білім беру

3D анимациялары

Тырысып көр, икондарға басыңыз!

Интерактивті 3D-анимациялар оқу материалын тиімді өңдеуге жағдай жасайды, дәрістерді қызықты етеді, олардың көрнектілік деңгейін арттырады. Анимациялар біздің интерактивті оқулығымызда, сондай-ақ тақырыптар бойынша медиа-лексиконда.

Бір немесе бірнеше көрініс

Әрбір анимация белгілі бір тақырыпты қозғайды. Анимациялардың ішінде көп алдын ала теңшелген көрініс тақырыпты өңдеуге және түсінуге көмектеседі.

Әр түрлі көрсетілімдер үнемі бір тақырыпқа сәйкес болады. Олар қималардың, қаңқалардың, үлкейтулердың, әр түрлі көзқарастардың, жұмыс істеу қағидаттарының, үдерістердың немесе күрделі тақырыптар элементтерінің жеке-жеке, кең көріністері болуы мүмкін.

Бір немесе бірнеше көрініс
Бір немесе бірнеше көрініс

3D-анимацияларшын өмірде зерттеу мүмкін емес оқиғалар мен үдерістерді көрсетуге қабілетті. Олар бір тақырыпты ешқандай басқа оқу материалы көрсете алмайтындай бөлшектеп әрі көрнекі көрсетеді. Оқушыларға ақпаратты күштемей, ойын түрінде қызықты жеткізеді.

Оңай таныс

Әр анимацияның барлық көрінісін еркін айналдыруға және үлкейтуге болады, кейбір көріністерді түсіндіруге жазбалар және түсіндіру мәтіндері бар.

Анимациялардың көпшілігінің наррациялы видеосы бар, олар кіріктірілген көріністердің барлығын толық зерттеп, тақырыпты көрсете алады.

3D-анимациялардың оларды пайдалануды жеңілдететін біртұтас интерфейстері бар.

Оңай таныс

Көптеген 3D көріністерінде ойындарға ұқсас еркін серуендеп, және виртуалды түрде оларды ұтқыр телефоннан қарай аламыз. Қарапайым VR көзілдірігіне телефонды үйлестіріп, көне Афинаға, Шекспир театрына немесе тіпті Айға саяхаттай аламыз.

Оңай таныс

Таныстырылымға пайдалан

3D анимацияларды ойнату барысында Сіз ағымдағы көріністі сурет түрінде mozaBook дәптеріңізге немесе кітап парағыңызға үйлестіріп, өлшемін өзгертіп, кесіп, орнын ауыстыра аласыз.

Кейбір 3D-анимацияларының интерактивті, айналатын элементтерін оқулықтардың және дәптерлердің парақтарына тасуға болады, онда олар дербес компоненттер ретінде жиектемесіз және фонсыз жұмыс істей береді.

Таныстырылымға пайдалан
Таныстырылымға пайдалан
Таныстырылымға пайдалан Таныстырылымға пайдалан

3D тапсырмалар

Кейбір 3D үлгілері автоматты түрде тапсырмалар жасап, оларды Тапсырмалар редакторына жіберуге қабілетті. Қызықты тапсырма құру үшін белгілі бір оқу материалына қатысты 3D көрінісін таңдап, сәйкес тапсырма түрін, көрсетілімін теңшесеңіз жеткілікті.

Әр түрлі көріністе әр түрлі тапсырма мжасауға болады (орнына сүйреп, толқытырып, байланыстырып, дұрысын таңдаңыз). Тапсырма жіберілмей тұрып та қажет болса, тапсырмалар редакторы арқылы өзгертіле алады.

3D тапсырмалар

3D энциклопедия

20 томнан тұратын Click n’ Learn сериясының ерекше кітаптары әр тақырып бойынша оқу үшін қысқа әрі түсінікті қызықты материал ұсынады. QR-кодтың көмегімен кітап беттерінде оқушылар бір шертіп 3D-анимацияның виртуалды әлеміне ауыса алады және қолдануға қолайлы VR-бас киімінің көмегімен бұрын оқып танысқан сиқырлы әлемде саяхаттай алады.

Басылымдар ойын түрінде сыныпта және үйде алған білімді тереңдетуге көмектеседі, оқушыларды ғылым, техника, тарих және архитектура әлеміне жетелейді. Олардың көмектерімен өткен тарихты және болашақты ғана емес, сонымен бірге микроскоптық әлемді, адам денесін және аспан денелерін де зерттей алады.

3D энциклопедия

Қайда қолдана аламын?

3D-анимацияларды компьютерлерде, планшеттерде және ​​ұялы телефондарда көруге болады. Оларды цифрлық кітаптардан да, оқу материалының тікелей жанында пәндер бойынша ретпен орналасқан mozaBook және mozaWeb медиа-лексикондарынан да табуға болады.

Медиа-лексикондағы 3D-анимациялар

Қайда қолдана аламын?

3D Анатомиялық атлас

2021 жылдың қыркүйегінде іске қосылған цифрлық анатомиялық платформамыз 3D-обьектілерінің көмегімен адам денесің анатомиялық құрылысын көріп, оның өзгеруін визуалды қадағалап, кейбір хирургиялық техникалармен таныса аласыздар .

Платформа дәрігерлік мамандықта пайдалануға қоса, медициналық білім беруде жаңа буын анатомияны оқытуда, соңғы курс медбикелерге, емдік жаттықтырушыларға және орта мектептердегі биология пәнінен жоғарғы деңгейде білім беруде мол мүмкіндіктер тудырады. Күнделікті IT құралдарында (ноутбук, планшет, ұтқыр телефон) да пайдаланылады, сөйтіп анатомияға деген қызығушылар немесе ауруларды терең танып, түсінгісі келетіндерқарапайым қолданушылар да қол жеткізе алады.

3D Анатомиялық атлас
nfki_banner