Цифрлық сабақтар
Барлық ұтқыр құралдарына арналған интерактивті оқу материалы
Жаңа дағдылар
Цифрлық дәрістер оқушылардың белсенді қатысуына негізделген, олардың тәжірибе мен топтық жұмыс арқылы білім алуға құрылған, мұғалімдер топтық шешім шығаруда оқушыларды қолдай алады.
Оқушылардың бірігіп жұмыс істеу қабілеттерін, әлеуметтік және цифрлық дағдыларын дамытады,болашақ ұрпақтың жасанды интеллект әлемінде қажет болатын қасиеттеріне база назар аударады. Цифрлық оқулықтар сызықтық ойлаудың орнына оқушыларды жүйе деңгейінде оқып, жұмыс істеуге үйретеді.
Кешенді білімдер
Цифрлық дәрістер 12 тілдеқолжетімді, тақырыпты меңгеру барысында тек бір ғылым саласымен шектелмейді, әр түрлі пәндердің білімін байланыстырып, тақырыпты кешенді түрде таныстырады.
Олар бір уақытта, мәселен, жаратылыстану, математикалық және тарихи аспектілерді біріктіре талдайды, сондықтан білім беріп қана қоймай, оқушыларға өзара байланыстарды көрсетіп, әлемімізді біріктіретін, ұйымдастыратын жүйелерді түсінуге көмектеседі.
Білім желісі
Цифрлық дәрістер арасындағы өзара оқу материалдарын олардың мазмұндары және ұғым-түсініктері негізінде бір желіге біріктіреді..
Көп өлшемді сүзгіні пайдалана отырып, өзіңізге қажет мазмұнды оңай таңдай аласыз. Оқушылар оқу материалдарды арасындәғы байланысты үш өлшемді желіде қабылдайды және осы өзара байланыстарды контекстке орналастыра алады.
Мәселен, атмосфераның (география) құрылысын оқығанда, цифрлық мазмұндардың арасынан оқушылар тіршілік орталары (биология), ауа құрамы (химия), ауа қысымы (физика) және авиацияның дамуы (тарих) туралы цифрлық мазмұндарды таба алады.
Жасанды интеллект
Жасанды интеллект оқушыларға қызықты білімге жол ашатын әдістерді де ұсынады Жеке оқушыға арналған білім берудің көмегімен біліктілік пен дағдылар мақсатты және кешенді түрде дамытылады.
Қарапайым, қайталанатын тапсырмалардың орнына оқушылардың білімін олардың талаптарына лайық байытып, дамуларын қамтамасыз ететін тапсырмалар ұсынуға болады. Оқу бағдарламаларын жекелендіріп, кез келген қабілетке және дайындыққа ие оқушыларға арналған тиімді білім беру ортасын құра аламыз.
Қайда пайдалана аламын?
Цифрлық дәрістер - HTML негізді веб-беттер, оларды браузерде кез келген интернет байланысы компьютерде, Android немесе Apple iOS планшетте және ұтқыр телефонда ашуға болады. Бейімделгіш дизайнның арқасында контент әрқашан экран форматына сәйкес болады, сондықтан ұтқыр телефонда да жақсы қолданылады.