Дәптерлер
Көркем таныстырылым
Бетіңізді теңшеңіз
Дәптерлеріңізді тік және көлденең форматта, бір бетті және бір бетті немесе қос бетті көріністе дайындай аласыз. Дәптеріңізді жиектеп, беттің фон түсін және суретін әр бетке бөлек таңдай аласыз.
Сызықтар, торлар тек безендіруші функция атқарады. Қолжазба шрифтері және математикалық символдар сызықтар мен мен торларға сәйкеседі.
... және оны еркін иллюстрацияла
mozaBook-тің сурет салу құралдарының көмегімен дәптерлеріңізді қарапайым мәтіндермен, қолмен салынған суреттермен немесе күрделі иллюстрациялармен безендіре аласыз.
Дәптеріңізге 3D-көріністерін, видеолар мен суреттерді медиа-лексиконнан және интернеттен әр түрлі мультимедиалық элементтерді үйлестіре аласыз. Галереяда көркем таныстырылымдар дайындауғабірнеше мың графикалық элемент (суреттер, схеммалар, сурет шаблондары, икондар, белгілер) бар.
Геометриялық құралдар
Виртуалды сызғыштар және циркульдың көмегімен ұқыпты сызбалар және математикалық редакциялау дайындай аласыз.
Құралдарды айналдырып, параллель тасымал және перпендикулар орын ауыстырулар жасай аласыз және барлық құралды тура сандық мәндермен параметрлей аласыз.
Байланыс диаграммасы
Байланыс диаграммасы арқылы нысандардың арасында байланыс орнатуға болады. Нысандарды жылжытқанда араларындағы байланыс қалады. Бұл функция өзара байланыстарды, үдерістерді көрсеткенде жақсы пайдаланылады.
Байланыстарды әр түрлі стильді сызықтармен, сондай-ақ нұсқарлармен иллюстрциялауға болады. Диаграмма үшін mozaBook-тің кіріктірілген галереясынан суреттер және өз мазмұндарыңызды пайдалана аласыз.
Анимация
mozaBook-ке кіріктірілген анимация құралының көмегімен анимацияланған таныстырылымдар, сабақ жобаларын дайындай аласыз. Бет элементтерінің көрсетілуін кіріктірілген шаблондар арқылы анимациялап, автоматтандыруға болады. Кіріктірілген экстралар мазмұндарын таныстырылым барысында ойнатуға болады.
Тыныстырылымдар үшін медиа-лексиконнан немесе интернеттен алынған мәтіндер, өздеріңіз дайындаған суреттер немесе диаграммалар, суреттер, видеолар және басқа интерактивті мазмұндар пайдаланылады.
Анимацияланған шаблондар
mozaBook-тің анимацияланған шаблондары арқылы жақсы көрінетін дәптерлер, көркем таныстырылымдар жасаңыздар. Сіз дәптер беттерінде шаблондардың жиектерін жылжытып, қажет болса, олардың өлшемдерін өзгерте аласыз. Сіз мәтінге қатысты суретті, видеоны немесе 3D-ны сәйкес жиекке қондыра аласыз. Дайын болған беттегі мәтін бөлігіне шертсеңіз, үнемі оған қатысты сурет, видео немесе 3D пайда болады.
PPT импорты
mozaBook-те PowerPoint таныстырылымдарын импорттауға мүмкіндік бар. Сканнерленген файлдар mozaBook дәптері ретінде сканнерленіп, импортталған слайдтар редакцияланып, медиа-лексиконның интерактивті мазмұндарымен толықтырыла алады.
Үйлесімділік
Цифрлық кітаптардың суреттерін, диаграммаларын, мәтіндерін және кіріктірілген экстраларды да дәптерлерімізге еркін тасымалдай аламыз, сөйтіп кітаптың негізінде жеке таныстырылымдарды құру жеңілдейді. Өз басылымдарымызға бет сілтемесін үйлестіріп, бір шетуменкітаптарымыз бен дәптерлеріміздің нақты бір бетін аша аламыз.
Тапсырмалар редакторы
Көрнекті тапсырмалар қатары тез, оңай. Көптеген алдын-ала орнатылған құрамдас тапсырмалар түрлері (қарапайым және көп реттік таңдау, жұптау, қос шынжыр, картада орналастыру, кесте толтыру, топтар және т.б.) арасынан таңдауға болады. Бір тапсырмалар қатары бірнеше тапсырмалар түрін қамтуы мүмкін, тапсырмаларды шешуге кететін уақытты да өзгертуге болады. Тапсырмалар қатарын көрнекті ететін көптеген құрамдас көріністер арасынан таңдауға болады.
Тапсырмалар дайындауға суреттерді, видеоларды және дыбыс файлдарын пайдалануға болады, бірақ 3D үлгілері және кейбір құралдар тапсырмаларды тапсырмалар редакторына автоматты түрде де жібере алады.
Кәсіби оқу материалдары
Сіздің мүмкіндіктеріңіз шектеулі деу тек елес. Ең кішкентайларға арналған дамытушы тапсырмалардан бастап интератиктивті білім беру материалдарына дейін әр жастағы балаларға қызықты интерактивті таныстырылымдар жасаңыз.
mozaWeb-те бөліс, синхронда
mozaBook-те құрылған дәптерлеріңізді mozaWeb-ке жүктей аласыз және интернет браузерінде аша аласыз. Жүктелген дәптеріңізді мектебіңізбен немесе mozaWeb пайдаланушылармен бөлісе де аласыз.
Егер бірнеше компьтерде жұмыс істесеңіз, дәптеріңіздің мазмұнынсинхрондай аласыз. mozaWeb-ке жүктелген дәптеріңізді кез келген mozaBook жүктелген және интернетке қосылған компьютерде редакциялай аласыз.
Өзіңізбен алыңыз
Интернет дәптерлеріңізге Android және iPad-та қол жеткізе аласыз, сондай-ақ оларды тегін mozaBook app-қа жүктеп, оларды офлайн режимінде интернетсіз де пайдалана аласыз, . Дәптерлеріңіздің интерактивті мазмұндарын планшетте қарай аласыз.