Білім беру құралдары
дағдылар мен тәжірибелерді дамыту
Дағдыларды дамыту ойындары
Eң жас пайдаланушыларға арналған ойын құралдары оқушылардың негізгі дағдыларын дамытады. Анимацияланған тапсырмалар балалардың қызығушылығын тудырып, олардың алған білімдерін ойын түрінде бекітеді.
Дағдыларды дамытуға байланысты біздің құралдарымыз студенттердің математика, логика және тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Онлайн ойындардың көмегімен студенттер достарымен немесе сыныптастарымен де ойнай алады.
Визуалды таныстырылымдарға
Біздің тақырыпытық құралдарымыз - мақсатты жинақтамалар бізді қымбат лабораториялық құрылғылардан арылуға көмектеседі. Мұғалімдер оларды жануарларды, арнайы құралдарды, сондай-ақ минералдар мен молекулаларды оқытқанда таныстырылымдарға пайдалана алады.
Олардың ішінде әр пәнді оқытуға қажетті барлық құралдарды табуға болады.
Практикалық құралдар
Жұмысқа қажетті құралдардың тапсырмалары сабақта алған білімдерің тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Орындалған тапсырмалардың сәттілігін бағдарламалар өз бетінше бағалайды және бекітеді, сөйтіп оқушылар өз нәтижелері туралы бірден хабардар болады.
Бұл құралдар сыныптардағы сабақтарда оқу материалдарын бірлесіп өңдеуге және үйде өз бетінше жаттығуға пайдаланыла алады.
Тәжірибелер
Біздің виртуалды тәжірибелік құралдарымыздың көмегімен әр түрлі тәжірибелік құрылғыларды қурастыруға, олардың жұмыс істеуін елестетуге болады. Бұл құралдар ғылым саласындағы заңдардың дәл үлгісін көрсетеді.
Құрастырылған тәжірибелік құрылғылар mozaBook дәптерлеріне және цифрлық кітаптарға үйлестіріле алады.
Цифрлық карталар
Цифрлық карталар география және тарих пәндерінің құралдарын толықтырады, қымбат, баспа карталарды алмастыра алады. . Әр түрлі тақырыптағы карталарды және олардың элементтерін қалағаныңызша құрастыруға болады, бұл сабақ өткізуді айтарлықтай жеңілдетеді.
Карталар шексіз үлкейтуге, иллюстрациялауға және анимациялауға болады. Бағдарлама тарихи оқиғаларды хронологиялық тәртіппен таныстырады, оқушылардың белгілі бір аумақта және белгілі бір уақытта болған өзгерістерді түсінулеріне көмектеседі.
mozaMap картасы туралы кеңірек
Шын уақыттағы видео анализі
Веб-камераға құрылған жаратылыстану бойынша ғылыми зерттеу және мәліметтерді жинау бағдарламалық қамтымымыз компьютердің көмегімен ғылыми бақылауларды және өлшемдерді жүзеге асырады.
Көптеген қымбат тәжірибелік құралды алмастыруға қабілетті, сонымен бірге оқушылардың көңілін көтеріп, әлемді шығармашылықпен тануға көмектеседі және жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықтарын арттырады. Бұл компьютерді және күнделікті қолданыс заттарын пайдаланып, тәжірибелерді тез әрі жеңіл жүргізуге мүмкіндік береді.
LabCamera құралы жөнінде кеңірек
Автоматты тапсырмалар
mozaBook-тың кейбір құралдары автоматты түрде жасалған тапсырмаларды тапрсырмалар редакторына жібере алады, бұл қысқа уақыт ішінде көрнекті әрі қызықты тапсырмалар топтамасын жасауға көмектеседі.
Егер тапсырманы ойнату барысында құралдан сәйкес тапсырманы тапсақ, онда бір шертіп, тапсырмалар редакторына жібере аламыз, сол жерде ол ары қарай редакцияланып, түрі өзгертілуі мүмкін. Тапсырманы ойдан құрастырудың қажеті жоқ, сурет іздеудің қажеті жоқ , жәй ғана сәйкес құралды, тақырыпты таңдаңыз,сонда тапсырма да дайын!
Тапсырмалар редакторы
Көрнекті тапсырмалар қатары тез, оңай. Көптеген алдын-ала орнатылған құрамдас тапсырмалар түрлері (қарапайым және көп реттік таңдау, жұптау, қос шынжыр, картада орналастыру, кесте толтыру, топтар және т.б.) арасынан таңдауға болады. Бір тапсырмалар қатары бірнеше тапсырмалар түрін қамтуы мүмкін, тапсырмаларды шешуге кететін уақытты да өзгертуге болады. Тапсырмалар қатарын көрнекті ететін көптеген құрамдас көріністер арасынан таңдауға болады.
Тапсырмалар дайындауға суреттерді, видеоларды және дыбыс файлдарын пайдалануға болады, бірақ 3D үлгілері және кейбір құралдар тапсырмаларды тапсырмалар редакторына автоматты түрде де жібере алады.
Таныстырылымдық видео
Басылымдарға қондырыңыз
Құралдар mozaBook-те оқу материалдарына сәйкес кітаптарға және дәптерлерде қонырыла алады, және тінтуірді бір басып, сыныптағы сабақтардың таныстырылымдарында ашуға болады.
Қондыру барысында құрал қазіргі қолданыстағы, теңшелген көріністі немесе тәжірибе үлгісін сақтайды, яғни ашқан кезде таныстырылымға керек мазмұнды іздеп шаршамайсыз.
Даптерлерде жасалған таныстырылымдарға кез келген құралды қондыра аласыз. Оларды көрсету үшін иконкаға басудың қажеті жоқ, олар өздігінен автоматты түрде ашылады.
Қалай қол жеткіземін?
Цифрлық сатып алуларымыз 3D анимациялармен, видеолармен және цифрлық сабақтармен бірге, барлық құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Құралдарды mozaBook және mozaWeb медиа-лексиконынан тақырыптар бойынша табуға болады.
Медиа-лексикондағы құралдар