mozaLog
Өзіміз құрастырған электронды сынып күнделігі мен оқу-ақпараттық жүйе тұтас интерфейсте мектепте күнделікті ұшырасатын әкімшілік және ұйымдастырушылық жұмыстардың орындалуына мүмкіндік туғызады.Оны пайдалану қағазбастылықтан құтқарып, жақсы жұмысқа жағдай тудырады.
Қазір сынап көріңіз
Электронды күнделікке төмендегі деңгейлер бойынша қол жеткізуге болады.
mozaLog-тың демо нұсқасын барлық пайдаланушы дңгейлерінде пайдаланып көруге болады, бірақ кейбір функциялар сынып күнделігінің тек толық нұсқасында қолжетімді.
Мұғалім
Директор
Ата-ана
Оқушылар
Әкімші
Сіздің оқытушылық құқықтарыңызды пайдалану мүмкіндігіңіз бар
Оқушылардың мектептік мәліметтерін қарау:
Сіздің оқытушылық құқықтарыңызды пайдалану мүмкіндігіңіз бар
mozaLog-тың демо нұсқасының пайдаланушы интерфейсі және мәзір пункттері таңдалған тілде көрінеді. Күнделіктің мазмұнының элементтері (мәселен, оқушылардың, пәндердің аттары) тек үлгі түрінде, сондықтан олар ағылшынша көрінетін болады.
Неге mozaLog?
Электронды күнделікті интернетке қосылған барлық компьютерде, планшетте және ұялы телефоннан пайдалануға болады. Пайдалану үшін бөлек бағгдарлама жүктеудің қажеті жоқ, тек интернет браузері жеткілікті.
Цифрлық күнделік қызметімізді кеңжолақты серверлер 24 сағат бойы қамтамасыз ете алады, интернет арқылы бір уақытта бірнеше мың пайдаланушы mozaLog-ты пайдалана алады.
mozaLog әкімшілік жүктемелерді елеулі түрде азайтып қана қоймай, мекеме ішінде ата-аналармен байланысудың да құралы болады. Интерфейсті басқару оңай, ерекше компьютермен жұмыс қабілетін қажет етпейді.
Жұмысының қауісіздігін электронды күнделіктің толық мәліметтер базасының күн сайынғы қауіпсіздігін қадағалайтын мамандар қамтамасыз етеді.
Коммуникация
mozaLog мектепті бақылайтын ұйым мен оған қатысты мекемелердің арасындағы, сондай- ақ мектеп басшылығы, студенттер мен ата-аналар арасындағы тікелей және жоғарғы деңгейдегі коммуникацияны жүзеге асырады.
Толық басқару мен жоспарланған тапсырмалардың орындалуы оңай бақыланады.Бақылау ұйымдары мен оларға қарайтын оқу орындары арасындағы онлайн байланыс тиімді жұмыс істейді.
Цифрлық күнделік ұйымдастырушы және әкімшілік тапсырмаларды жеңілдетіп, коммуникацияның көмегімен білім беру жүйесін тиімді және жақсы жұмыс істеуіне, оның жоғарғы деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
Цифрлық күнделіктің көмегімен бақылау ұйымы педагогтардың жеке және жұмыс деректері, оқушылардың саны, құрамы, сабақ үлгерімі және сабақ босатулары туралы күнделікті ақпараттарға қол жеткізеді.
Күнделікті атқарылатын жұмыстар, бағалар, босатулар
Жүйе мұғалімдердің сабақтарға қатысты әкімшілік істерді кез келген жерден және кез келген заманауи құралдармен тез орындауға көмектеседі. Мұғалімдер өз жеке беттерінде жұмыс істей алады, сабақ материалдарын жазып, сыныпта болып жатқан жұмысты қарап, қалыс қалғанды толықтырып, тіпті бір жылғы үлгерім күнделігін басып шығара алады.
Бағалау кезінде бағаның түрі мен жазба таңдалады. Бұл мұғалімнің көп айлар өткен соң, бағаны қалай қойғанын еске алуға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда, бұрынғы бағаларды өзгертуге болады.
Сабақ босатудан басқа, кешігулер, себеппен қалулар, сондай-ақ оқу құралдарының жоқтығы да тіркеледі.
Қарапайым әкімшілік, статистикалар, есептер
mozaLog оқушылардың мәліметтерін бір ақпараттық жүйеден импорттайды. Бұдан соң тек кейбір мәліметтердің өзгергенін жазу керек, сөйтіп әкімшілік жүйе жаңартылып отырады. mozaLog пернеге бір басып сыныптардың үлгерімі мен сабақта боламағандар туралы ақпаратты береді. Статистикалық мәліметтер сынып жетекшілері мен мектеп директорларына және білім беру органдарына да жедел қолжетімді болады.
Бағдарлама оқу нәтижелерін жан-жақты талдауға мүмкіндік береді, mozaLog қарапайым және сараланған жалпы есепке қоса, тақырыптарды қорытуда жеке бағалауды да жүзеге асыра алады. Электрондық күнделіктің салыстырмалы диаграммаларының көмегімен сыныптардың жалпы оқу үлгерімін назарда ұстауға болады.
Сабақ босату статистикасында анықтамалы және анықтамасыз босатуларды назарда ұстауға болады. Сабақ босатуларды пайызбен де есепке алуға болады. Жүйе автоматты түрде оқушылардың белгілі бір пән бойынша сабақ босату пайызының шегінен шыққан-шықпағанын қадағалап, оларды статистикаға тіркеп отырады.
Мектеп басшылығы үшін артықшылықтар
Мектептің барлық қызметкерлері бір ортақ күнделікті пайдаланатын болғандықтан, әкімшілікті мектеп бойынша қадағалау мен тексеру жеңілдейді. Құжаттамаға кететін уақыта қысқарады, ал әкімшілік бақылау мен талап деңгейі өседі, педагогтық жұмысқа көп уақыт қалады.
Мектептің жылдық жұмыс модулында оқу жылының жұмыс кестесіне оқу күндері, оқу жоқ күндер, демалыс күндер, мектептегі шаралар, саяхаттарды және т.б. жоспарлауға болады. Мектеп күнтізбесінің күндерін мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар үшін қосымша пайдалы ақпараттармен толықтыруға болады.
Бағдарламаны кең көлемде пайдалануға болады, мектеп басшылығы үшін қажетті статистиканы оқу жылының кез келген күніне бір басып, қарауға болады. Оқу статистикасын әр сыныпқа қатысты немесе бірнеше сыныпты салыстырып талдауға мүмкіндік жасалған. Электрондық күнделік бүкіл мектептің, сондай-ақ әрбір сыныптың оқу үлгерімі мен сабақ босатуларының статистикасын, мектеп оқушылары санының статистикасын дайындайды. Әр түрлі статистикалық мәліметтер парағын және көрсеткіштерді әр оқушыға, сыныпқа сонымен қатар бүкіл мектепке қатысты сұрауға болады.
Егер мектеп басшылығы мектеп жұмысын таныстыратын есеп немесе қорытынды жасағысы келсе, онда mozaLog-тың көмегімен көрнекті диаграммалармен иллюстрациялы кешенді талдауларды, таныстыруларды дайындай алады.
Ата-аналармен және оқушылармен байланыс
Электронды сынып күнделігінің көмегімен ата-аналар балаларының оқу үлгерімдерін, сабақ босатуларын, тәртібін және талабын қадағалай алады. Мұғалімдер оқушылармен де, ата-аналармен де mozaLog-тың көмегімен байланыс орната алады.
Ата-аналар балалардың ағымдағы сабақ кестесін бақылап, қай сабақта қандай тақырып болғанын да біле алады. Цифрлық күнделік осымен де ата-аналарға балаларының оқуын күнделікті бақылап отыруға көмектеседі. Педагогтар мектептегі шараларды, саяхаттарды немесе тақырыпты қорыту бақылауларының уақытын алдын-ала ескерте алады, сөйтіп оқушылар мен ата-аналар алдағы тапсырмалардан хабардар болады.
Aта-аналар талап еткен жагдайда балаларына қатысты барлық жазбалар (бағалар, сабақ босатулар, мақтаулар, сөгістер) оларға автоматты түрде электрондық поштамен жіберіледі.
Жүйенің ішінде мектеп пен ата-аналар арасында байланыс анағұрлым жеңіл орнатылады, бетпе-бет кездесулерге (ата-ана жиналыстары, қабылдау сағаттары) қоса жаңа байланысу түрі мүмкін болады.
Деректер мен қауіпсіздікті қорғау
Электронды күнделік тәжірибелі адамдар бақылайтын серверлерде жұмыс істейді. Серверлер жолағының кеңдігі көп пайдаланушының бағдарламаны бір уақытта пайдалануына, бағдарламалардың жарыспалы жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Бұл пайдаланушының mozaLog-тың қай деректеріне және функцияларына қол жеткізе алатынын, қай деректерді өзгерте алатынын анықтайды.
- Күнделікті кірулерді тіркеу қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, деректер айналымы қорғалған әрі тексерілген интернет байланысы арқылы жүзеге асады.
- Жүйе заңсыз пайдаланушылардың кіруге тырысқандарын байқайды және сақтайды, бұл деректерді қайта қарауға болады.
- Электронды күнделік бағаларды жазудың айы-күні, сағатын немесе бағаларды өзгертуді тіркейді.
- Деректерді қауіпсіз ету мақсатында күнделіктің бүкіл дерек базасын әр күн сақтап отыруға болады.
Цифрлық сынып күнделігі мектеп веб-сайтында
Mozaik Education-нің қызметтік веб-сайты mozaPortál мектепке арналған және оның құрылымы қазір жұмысқа қосылған. Бағдарламаның мәзірін мектептің талабына сай қалаған мазмұнмен толықтыруға болады.
Электрондық сынып күнделігі mozaPortál-ға мектептің веб-сайтымен байланысты етіп те тапсырыс жасауға болады. Күнделік пайдалану қолайлы, мектеп веб-сайтының бір бөлігі ретінде, соның мәзірінен ашылады. mozaPortál-да сынып күнделігіне қатысты мәліметтерді де қарауға болады. Мәселен, мұғалімдердің, оқушылардыңн, сыныптардың тізімі, сабақ кестесі, жұмыс кестесі.