LabCamera - веб-камерaға негізделген зерттеулер мен мәліметтер жинаудың жаратылыстанулық бағдарламалық қамтымы, мұғалімдер мен оқушылар оның көмегімен ғылыми бақылау жасайды және өлшеулер жүргізеді. Оқушылар оны сыныпта немесе үйде үй жұмысын орындауға пайдаланады. Бағдарлама әлемді зерттеуге шығармашылық қарым-қатынас орнатып, ғылымға және тәжірибе жасауға деген қызығушылық тудырады.
Планшетке және телефонға арналған білім беру қосымшалары
Мұғалім және мектеп үшін артықшылықтары
- Жаратылыстану ғылымдарын оқытуды әдістемесінің жаңа перспективаларын ашады
- Табиғаттағы үдерістерді, құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі
- Білім беру шығындарын азайтады, қымбат тәжірибе құралдарына қажеттілік жоқ
- Жаратылыстану ғылымы барлық салада пайдаланылады
- Мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді, нәтижесін жақсартады, қызығушылықты арттырады
- Оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін дамытады
- Пәндер бойынша білім элементтерін өзара байланыстырады
- Мектептердің және мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады
- Басқа берілетін мұрагерлік лицензия
Оқушылар үшін артықшылықтары бар
- Оқушылардың ғылымға қызығушылығын оятады
- Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттырады
- Білім алуды қызықты етеді
- Мәселені шешу және абстракциялық қабілеттерді дамытады
- Білім алуда қиындықтардың орнына сәттіліктерге жетелейді
- Үй және сынып жұмыстарының арасында байланыс орнатады
- Үй тапсырмасын орындауды қызықты етеді
- Қауіпсіз тәжірибелер жасауға мүмкіндік туғызады
- Тәжірибелерді компьютер және күнделікті тұтыну заттары арқылы жылдам әрі қарапайым жасау жасауға мүмкіндік береді
Жылдам камера
Жылдам камера бұлттардың пайда болуы және пішіндерінің қалыптасуы, мұздың еруі немесе өсімдіктердің өсуі секілді өте баяу құбылыстарды түсінуге көмектеседі.
Бағдарлама белгіли бір уақыт интервалында суретке түсіреді, оларды үздіксіз видео ретінде көрсетеді. Видеолардың жиілігін және ойнату жылдамдығын да теңшеуге болады.
Кинематика
"Кинематика" модулі дененің қозғалысын бақылайды (орналасуы, жылдамдығы, үдеуі) және қазіргі уақыт режимінде оларды графикте көрсетеді. Ол суретті веб-камерадан қазіргі уақытта талдайды немесе алдын ала жазылған видеоларды талдайды.
Бағдарлама 3 нысанды бір уақытта бақылай алады, ол оқушылардың күрделі эксперименттерді қозғалыс сипаттарымен салыстыра отырып жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін күнделікті қолданылатын заттарды, мәселен, түрлі-түсті кішкене шарларды, ойыншық машиналарды, әуе шарларын пайдалануға болады.
Жасырын камера
"Жасырын камераның" көмегімен ерекше әрі сирек сәттерді сақтай аламыз. Оның жұмысы қозғалыс бергішімен бірдей, бағдарлама камераның алдындағы қозғалысты жазады.
Сіздің міндетіңіз қозғалыс болатын орынды белгілеп, жазбаны жүргізуге кірісу, қозғалысты сезуді қоршаған ортаға, тақырыпқа лайықтап, жазу нүктесіне басу.
Микроскоп
Микроскоп модулінің көмегімен микроскоптық зерттеулер жүргізіп, қашықтықтар мен бұрыштарды, аудандарды өлшей аламыз. Веб-камералар макротүсірілімдер жасауға қабілетті, сол арқылы микроорганизмдерді бір жасушалыларды бақылауға болады. Ол ғимараттарды, көпірлерді немесе астрономиялық көлемдегі нысандарды өлшей алады. Пропорцияларды, өлшемдерді, өлшеу әдістерін үйренудің керемет құралы.
Әмбебап тіркеуші
"Әмбебап тіркеуші" модулі арқылы компьютердің веб-камерасымен кез келген өлшеуші цифрлық, баламалы немесе сұйықтық құралынндағы өзгерістерді оқи аламыз, сонан соң
нәтижелерді графикте көрсете алаыз. Әмбебап тіркеуші Әмбебап тіркеуші үш өлшеуіш құралда бір уақытта бақылау жүргізе алады, сөйтіп оқушыларға салыстырмалы эксперименттер жасауға мүмкіндік береді.
Оны пайдаланып мектептер мектептер қомақты қаржы үнемдей алады, себебі модуль цифрлық мәліметтерді дәстүрлі өлшеуіш құралдардың көмегімен-ақ жазып аламыз, жаңа, қымбат, компьютерге жалғанатын өлшеуіш құралдарды сатып алудың қажеті жоқ.
Ӏзін қуалау
"Қадағалау" модулі жануарлара денесінің де қозғалысын камерада тікелей трансляцияда және алдын ала жазылған видеода бақылайды және қозғалыс картасында бейнелейді. Бағдарлама қозғалыстар картасында жиі маршруттарды неғұрлым ашық түстермен белгілейді.
Модульдің көмегімен біз, мәселен, құмырсқалардың, бір жасушалы ағзалардың қозғалысын, сондай-ақ жолаушы жане көлік қозғалысын да бақылай аламыз.
Графикон ойын
Графиктерді түсінуге ойын қосымшасы көмектеседі. Ол Сіздің қозғалысыңызды бақылайды және алдын ала берілген қисық сызықпен салыстырады. Сізге бар болғаны қисық сызыққа ілесіп отыру керек. кривой
Ойынның екі түрлі мақсаты бар: нысанның жақын-алыс, көлденең-тік қозғалуы және камераның нысанның айналасында қозғалуы.
LabCamera цифрлық сабақтар
LabCamera цифрлық сабақтарына көптеген физикалық құбылыстар кіреді, оларды жүктеп, бағдарлама арқылы талдай аласыз. Видеода эксперименттердің сипаттамалары да бар.



