Стоп кадр анимациялар
Стоп кадр техникасының көмегімен видеолар дайындаңыз. Фильмнің әрбір кадры бөлек түсірілген қозғалыссыз сурет. Бағдарлама қозғалыссыз суреттерді қиып, кадрларды жапсырып, қозғалысқа келтіреді. Тегін бағдарламаны пайдаланып, Сіз кез келген тақырыпқа видео түсіре аласыз, бірақ егер кәсіби анимациялар жасағыңыз келсе, "Cut n' Learn" анимациялар жинағымен танысыңыз.
Планшетке және телефонға арналған білім беру қосымшалары
Cut n' Learn ғылыми анимациялық жинақтамалар
Cut n' Learn анимациялық жинақтамасының көмегімен балалар білім ала жүріп, қызықты, ғылыми анимациялар дайындай алады. Жинақтамалар барлық қажетті элементтерге толы, ғылыми түсіндірмелер және бір инновациялық стоп кадр кіріктірілген сурет бекіткіш жүйесі бар. Сурет бекіткіш балаларға бөлек тұғыр немесе ұстағышсыз-ақ анимациялар дайындауға мүмкіндік береді, сол арқылы басқа стоп кадр теңшелімдерінің қателіктерін, қиындықтарын еңсеруге көмектеседі.
Көріністі теңшеңіз
Фотоға түсіріңіз
Анимацияны тамашалаңыз
Ойын алаңыдағы футбол
Анимацияның көмегімен балалар координаттар жүйесі, гравитация және уақыт бірліктерімен жылдам танысады. Кіріктірілген сызғыштарды және нұсқаулықтарды пайдаланып, допты "қозғалтып", дененің орналасуын координаттар бойынша анықтай алады.
Анимациялық жинақтама бір фоннан, 9 позицияға орналастырылатын екі фигурадан, доптың жылдамдығын көрсететін екі сызғыштан және доптың кеңістіктегі орналасуын өлшейтін екі сызғыштан тұрады.
Әткеншек тепкен қыз
Aнимациялардың көмегімен балалар дененің кеңістіктегі периодтық қозғалысымен, орналасуымен және күшімен таныса алады. Кіріктірілген позиция көрсеткіш қоңырауды пайдаланып, олар реалистік тербелмелі қозғалыс жасай алады, дененің координаттары бойынша орналасуын анықтауды үйренеді, сондай-ақ қозғалыс нүктелерінің көлденең проекциялануы әдісімен шеңбер бойымен қозғалыс жасай алады.
Анимация жинағы үш позицияға орналасқан бір фигурадан және позициялау дискісінен тұрады.
Ӏштен жанатын мотор
Бұл анимацияның көмегімен балалар мотордың негізгі бөлшектерін және жұмыс істеу қағидатымен ойын түрінде оңай таныса алады. Анимацияны пайдаланушы жазбалармен және қиылған нұсқарлармен толықтыра алады.
Анимация жинақтамасы бір фоннан, екі үш позициялы клапаннан, бір екі позициялы оталдыру білтесінен, бір сермерден, бір піспектен, бір бұлғақтан және отын, жанғыш қоспа мен пайдаланылған газды білдіретін түрлі-түсті кішкене шарлардан тұрады.
Жүрек соғысы
Анимацияның көмегімен балалар адам жүрегінің құрылысы мен жұмысымен оңай таныса алады. Анимация бұған қоса артериалдық қан қысымы, жүрек қысқаруының жиілігі, жүрек клапандарының функциялары секілді тақырыптарды түсінуге көмектеседі.
Жинақтама оң және сол жүрек қарыншаларынан, оң және сол жүрекшелерден, аортадан, 3 әр түрлі орналасудағы өкпе артерияларынан, 2 жүрекше-қарынша клапанынан, сондай-оттегіне қаныққан және қанықпаған қанды білдіретін көк және қызыл конфеттиден тұрады.
Су иірімі
Анимацияның көмегімен балалар су айналымының негізгі үдерістерімен ойын түрінде танысады. Анимация булану, бұлттардың пайда болуы, жауын-шашын және боран секілді тақырыптарды қамтиды. Жоғары кезеңде анимацияны булану, сублимация және өсімдіктерің қоректенуі секілді құбылыстармен толықтыра аламыз.
Анимациялық жинақ бу мен жауын-шашынды сипаттайтын 15 түрлі бұлт, 5 түрлі күн, бір найзағай суретінен, көк және ақ конфеттиден тұрады.
Қаладағы автомобиль
Aнимацияның көмегімен балалар үдеу, бірқалыпты сызықпен қозғалыс секілді тақырыптармен, сондай-ақ жиі қолданылатын, көрініске көлем мен тереңдік дарытатын беретін параллакс әсерімен танысады. Анимацияға кіріктірілетін, жиналатын автомобильді қалай жасауды үйренеді. Анимация жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, иттер мен әуе шарларымен тіпті қызықты бола түскен.
Анимациялар жинағы бір жиналатын автомобилден, екі теректен, бір анимациялық фоннан, екі зәулім үйлі фоннан, екі қасбетті фоннан, бір тротуардан және екі боялған жол жолағынан тұрады.
Жер мен Ай
Анимацияларды құрастыру барысында балалар Жер мен Ай ғарышта қалай айналатынын, толған Айдың үнемі бір беті көрінетінін, күн мен түннің неге ауысатынын, қандай уақыт белдеулері бар екенін және неге пайда болғанын біледі. Күнді анимацияға тек жарық көзі етіп орналастырып, көлеңке мен жарық, күн және ай тұтылуы жөніне кеңірек мәлімет аламыз.
Анимациялық жинақтамада бір жиналмалы Жер шары, бір жиналмалы Ай, әр аспан денесін ұстайтын бір-бір тұғырдан, 3 дана 3D фон суреті бар.
Қалай жұмыс істейді
Әр қадамды бақылайтын нұсқаулық әр түрлі анимациялық көріністерді құрастыруға, үдерісті басынан аяғына дейін жүргізуге көмектеседі. Әр сурет шаршысына бір анимациядан келеді, сандар әріптерді табуға және қажетті жеріне орналастыруға көмектеседі. Барлығы дайын болғанда, фото дайындап, келесі қадамға көшуге болады.
Ақылды карталар
Жинақтамаға тақырып бойынша ұғынықты түсіндірмелері бар ақылды қарталар кіреді. Парақтан қиылған фигуркаларды ақылды картаның теріс жағына жапсыруға болады. Балалар осы карталарды жинап, олардан өз энциклопедиясын құрай алады.









